Қатардағы тексерумен қаладан ауылға келген жас полиция қызметкері аяқ астынан ауырып қалған бұрынғы полиция қызметкерінің орнына қызмет атқаруға мәжбүр болады. Жас полицей ауыл тіршілігімен мүлдем таныс емес. Мұндағы тұрғындардың әкімдіктегі шенеуніктермен қалыптасқан қарым-қатынастарының ерекшеліктерін де түсінбейді.
Бұл қарым-қатынастарды қалыптастырушылар билікке, шенге табынушылық пен жемқорлыққа бой алдырған. Ол осы «дәстүрлерді» өзгертуге тырысады.
Жас тәртіп сақшысына тосырқай қараған ауыл тұрғындары уақыт өте келе оған деген көзқарасын өзгертеді. Басты кейіпкер әділдік, заңға деген адалдық, ар-ождан сияқты қасиеттердің үстемдік құруы үшін күреседі.