Көркемді Беркін ұрлап кетеді. Қыз айқайламауы үшін оны егіп тастайды. Аңсар Көркемді жатақхананың алдында күтеді.
Ал, Едіге Назеркені пәтерге шақырып, әкесінің жақсы адам емес екенін, кезінде Аңсар мен екеуінің әкесі ойлап тапқан құрылғысын әкесі иемденгісі келетінін айтады. Ол осыны айтып, Назеркеден көмек сұрайды. Назерке қанша жерден сенгісі келмесе де, соңында әділеттілікке қол жеткізу үшін Едігеге көмек беруге келіседі.
Аңсардың анасы Кенже жатақханада жетімдер үйінің директоры Қаламқасты кезіктіреді. Екеуі бір-бірімен жылы көріседі. Өткен өмірлерін еске түсіреді.
Көркем есін жиған соң, аяқ-қолындағы жіпті шешіп, қашып кетуге талпынады. Алайда, Беркін келіп қайтадан байлап тастайды.
Ал, Назерке әкесінің жұмысына қоңырау шалып, үйге Едіге телефон шалғанын, бірақ, тұтқаны көтеріп үлгермегенін, кейін жазылып қалған дауыстан Едігенің дауысын танығанын айтады. Әкесі ешнәрсеге тиіспеуін, қазір жететінін айтады. Әкесі жұмысынан кетіп қалғанын аңдып тұрған Назерке оның кабинетіне ебін тауып кіріп, Едіге айтқан құжаттарды іздейді. Іздегенін тапқан соң, кабинеттен шығып кетеді.
Аңсар Көркемді іздеп, полицияға хабарласады. Алайда, полиция адамның жоғалғанына екі күн болмағанын, еш әрекет ете алмайтынан алға тартады.
Кенже Тайжан Омарұлына бір бума құжаттарды алып келеді. Ол Жолтай Теміровтің қылмысын әшкерелейтін құжаттар болатын. Құжаттарды ашып қараған Тайжан Омарұлының әңгімесінен Кенже Жолтай Құмарұлын танитынын айтады. Осы сәтте Назерке әкесінің сейфінен алған құжаттарды Тайжан Омарұлына әкеліп береді.
Қамбар Едіге мен Айарудың мұның әкесінің қылмыскер екенін айтқан әңгімесінен соң, кешке үйде әкесі Жолтай Құмарұлының жұмыстан келуін күтеді. Әкесінен осыдан 20 жыл бұрын болған оқиғаға, Едіге мен Аңсардың әкелерінің өліміне қатысы бар ма екенін сұрайды.
Аңсар мен Едіге Көркемді іздеу жолында Беркіннің қызды байлап ұстаған жерін табады.